Марокко құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті

1 желтоқсан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Марокко құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті Дохадағы «Ат-Тумама» стадионында африкалық футболшылар 2:1 Канада құрамасын жеңді деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап. Кездесудің төртінші минутында жартылай қорғаушы Хаким Зиеч есеп ашса, тайм ортасында шабуылшы Юсеф Эн-Несири есепті еселеді. Канаданы жеңген Марокко құрамасы жеті ұпай жинап, турнирдің келесі кезеңіне өтті.