Ақпарат министрі «Түркістан» газетіне жазылды

Ақпарат министрі «Түркістан» газетіне жазылды

Ақпарат министрі «Түркістан» газетіне жазылды
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мерзімді басылымдарға жазылды деп хабарлады turkystan.kz. «Өздеріңізге белгілі, биыл Президент тапсырмасына орай, «Балалар жылы» болып жарияланды. Өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беру – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.  Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығын ауылдарды дамыту мәселесіне арнағаны белгілі. Сондықтан ауылдардың баспасөзбен қамтылуы, оларға басылымдардың уақтылы жетуі аса маңызды» деп жазды Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желіде. Сондай-ақ ол «Қазпочта» АҚ-мен ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. «Оның аясында республикалық және өңірлік баспа басылымдарын уақтылы жеткізуді жүзеге асыру жөнінде келісім де бар. Енді “post.kz” қосымшасы арқылы онлаин жазылуға да болады. Сонымен бірге Kaspi Bank арқылы жазылу да пысықталуда. Жалпы, баспа басылымдарына онлайн жазылу үшін министрлік тарапынан қолдау жұмыстары жасалып жатыр. Бұл туралы жаңалықты, бұйырса, алдағы уақытта тағы хабарлаймыз. Осы ретте ауқымды жұмыстарды қолға алған “Қазпочта” АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасоваға ризашылық білдіремін. Сөз соңында Асхат Қанатұлына жазылу науқанына атсалысып, қолдау білдіргені үшін алғыс айтамын. Әріптесім атап өткендей, біз де басылымға күштеп жаздыруды қолдамаймыз. Біздікі ауыл руханиятының ұстыны болып саналатын ұстаздар қауымы танымдық дүниелермен танысып отырса деген тілек. Ал өз кезегінде газет-журналдар редакциялары сапалы мазмұн мен пайдалы дүниені ұсына білуі керек», - деді министр. Айта кетейік, Дархан Қыдырәлі балалар басылымы - «Ұлан», «Балдырған», «Дружные ребята», сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» және тағы басқа басылымдарға жазылған.