Елордада «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Елордада «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Елордада «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Отандастар қоры» Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған «Алтайдан Анадолыға» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді деп хабарлады turkystan.kz.  width= Елдордада өткен ашық көрсетілімге тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты. Деректі фильмде Тибет, Үндістан мен Пәкістан арқылы өтіп, Түркиядан пана тапқан қандастар тағдыры, ұлт тарихындағы ең ұзақ саналатын қазақ көшінің тарихы баяндалады. Фильм авторы – Азат Рыстанбек. Шығармашылық топ түсірілім барысында қазақтар алғаш қоныстанған Стамбулдың Зейтінбұрны және Бағжылар ауданына, Ниде аймағындағы Алтай ауылына және Анкара, Измир, Салихлы қалаларына барып, түрік жеріне алғаш қоныстанған қандастар, көш куәгерлері Зылиха Қамзақызы, Қалия Әділбекқызы, Арыстан Шәдетұлы, Мансұр Тәйжі және олардың ұрпақтарымен тілдесіп қайтты. Жобада 1952 жылы 13 наурызда Түркияның сол кездегі Үкімет басшысы Аднан Мендерестің бастамасымен қабылданған тарихи қаулы туралы кеңінен айтылады. Ләззат Танысбай.
«Жалпы, фильмді түсірудегі мақсатымыз – кейінгі буынға ұлт тарихындағы ең ұзақ, ең азапты көштің мәнін түсіндіру болды. Қиын замандардан өтіп, жат жерде тұрақтауға мәжбүр болған қандастарымыз арада қанша жылдар өтсе де әлі күнге дейін елді, туған жерді ұмытпай келеді. Атамекенін аңсаған қандастарға біздің де қамқорлығымыз, ілтипатымыз зор. Әрине, сол заманның ауыртпалығын да, біздің қандастарымызға деген құрметімізді де бір фильмге сыйғызу мүмкін емес. Мұндай жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Бүгінгі фильм де ұлт тарихындағы айтулы көштің 70 жылдығынан бөлек, екі ел арасындағы байланыстың 30 жылдығына арналып отыр», - деді шараның ашылуында Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.
Айта кетейік, деректі фильмнің телевизиялық нұсқасы «Qazaqstan» арнасынан Тәуелсіздік күні қарсаңында эфирге шығады.