Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Қатты аяз, қарлы боран: желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамына сәйкес, желтоқсанда ауа температурасы төмендеп, қар мөлшері артады деп хабарлады turkystan.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар жауып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ге дейін күшейеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ал республиканың батысында және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

«Республиканың батысында түнде -13…-23°С, күндіз -5…-15°С дейін; солтүстікте және орталықта түнде -25…-33°C, күндіз -12…-25°С дейін; шығыста түнде -25…-37°C, күндіз -17…-23°С дейін; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10…-22°С, күндіз -3…-13°С дейін ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі ықтимал. Қар жауады, боран, екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр жауады, көктайғақ болады.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button