Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалды

ашық дереккөзі

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі қызметіне қайта тағайындалды

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Тағайындау туралы Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген хабарламада. Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған. 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Түркістан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.