Жаңалықтар

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері МҚІА төрағасымен кездесті

ашық дереккөзі

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері МҚІА төрағасымен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері үшін баспасөз-туры өткізілді. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысымен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға қатысты Агенттіктің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы айтты. Мемлекеттік қызметті цифрландыруға бағытталған «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту және кадрлық бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың жай-күйімен таныстырды. Журналистер Агенттік басшысына мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен имиджі, мемлекеттік қызмет саласындағы проблемалық мәселелер бойынша сауалдар қойып, өз ұсыныстары және пікірлерімен бөлісті.