Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

«Қалың қалай, Қайрекем?!»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған күніне орай жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевқа жазба арнап, туған күнімен құттықтады деп жазды turkystan.kz.

«Күнімді қараң еткен қараша сені бізден ерте алып кетпегенде бүгін сені 57 жасқа толған туған күніңмен құттықтаушы едік.

Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сыр беріп жүргені болмаса…Қолымнан келіп жүрген сияқты.

Арманымыз көп еді. «Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ», – дейтін едің.

Айтпақшы, ұлдардан минут сайын хабар алып тұрушы едің, сол әдетке үйренген кенжелерің кішкене қиналып жүрген сияқты. Жігіт қой, білдірмейді. Бірақ кеше Сағадат өксігін ашумен бірінші рет шығарды. Дәл осы сәтте орның қатты білінді, сен секілді демеу бола алмадым, кешір.

Сенің тематикалық туған күніңді барлық достарымыз жақсы көретін. Есіңде ме, 2007 жылы Батырхан марқұм өзі құттықтап, әнін арнаған еді, Марат пен Еркебұлан «Мен алдандым», – деп пранк жасағаны ше? Ал жігіттер тобымен дует айтқаның?! Кездер-ай…

Ұлдарды сүндетке отырғызып, үлкен той жасағанамыз ше? 70-80 жасыңды да дәл осылай тойлаймын деген арманың бар еді.

Соңғы жылдары екеуміздің туған күнімізді біріктіріп жасап жүр едік. «Осы жылы Ләйлә, 45-ке толасың, жыл сайын менің туған күнімді ерекше ұйымдастырып бересің, биыл туған күніңді дүркіретіп жасап берем», – деп уәде беріп едің.
20 жылдыққа ақ көйлек кигіземін, үлкен қып той жасаймыз деп едің…Енді қашан?!

Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана…

Топырағың торқа, иманың жолдас болып, пейіште нұрың шалқысын» деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button