Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып қайта тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

«Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

2022 жылғы 11 маусымнан бері Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button