Қостанай облысында 518,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті

Қостанай облысында 518,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті

Қостанай облысында 518,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселе – жайылым тапшылығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осыдан кейін «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясына маңызды міндет жүктелді. Комиссия мүшелері еліміздің әр өңірін аралап, пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысып жатыр. Биыл комиссияның араласуымен Қостанай облысында 67,1 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Осы орайда Қостанай облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қайрат Темірханұлымен сұхбаттасып, өңірдегі жер мәселесіне қатысты жағдайды сұраған едік. – Биыл «Жер аманаты» комиссиясының ара­ласуы­мен Қостанай облысында 67,1 мың гектар жер мем­ле­кет меншігіне қайтарылды. Осы бағыттағы жұмыс қа­лай жалғасып жатыр? Жерді өз еркімен қайтарып жат­қандар бар ма? – Жалпы, Қостанай облысының жер аумағы – 19,6 млн гек­тар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кө­лемі – 10,6 млн гектар. Ал 6,2 млн гектар егістік, 4,2 млн гек­тар жайылым және 136,7 мың гектар шабындық жер бар. Осы аумақтарда 4,7 мыңнан астам шаруа қожалығы мен 584 ауыл шаруашылығы кәсіпорны еңбек етіп жатыр. Биыл, яғни 2022 жылдың басынан бері ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы 518,2 мың гектар жер мем­ле­кет меншігіне қайтарылды. Оның 67,1 мың гектары жаңа өзіңіз айтып өткендей, «Жер аманаты» республикалық ко­­­миссиясының көмегімен мемлекет меншігіне өтті. Осы орайда қайтарылған 518,2 мың гектар жердің 71 пайызын, яғни 365,6 мың гектарын жер пай­да­лану­шылар өз еркімен қайтарғанын айта кетейін. – Қайтарылған жер тұрғындардың қажеттілігіне қа­рай берілетіні белгілі. Жерді қайта бөліске сал­ған­да қандай қиындық кездесуі мүмкін? – Барлық жер аудандардың арнайы қорында есептелген. Кейін қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес бері­ле­тін болады. Негізі, жерді бөлу және беру ісі жергілікті әкім­дік­тердің құзыретіне кіреді. Ал жерді қайта ауыл шаруа­шы­лығы айналымына тарту кезінде қандай да бір кедергі, қиын­дық кездеспейді. – Жергілікті тұрғындарды жерге байланысты қан­дай мәселе мазалайды? – Қостанай облысының аумағында тұрғындар көтеретін не­гізгі мәселе – халықтың мал жаюына арналған жайы­лым­ның жетіспеуі. Бұл мәселе облыс әкімдігінің және мем­ле­кеттік органдардың тұрақты бақылауында. – Осы орайда облыс халқына неше гектар жайы­лым жетіспейтінін айта кетсеңіз. Бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр? – Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы жә­не жер қатынастары басқармасының деректері бойынша, бү­гінде мал саны және басқа да жүктеме нормативіне сәй­кес, жайылым тапшылығы – 920,5 мың гектар. Аталған мә­селені шешу үшін аудан әкімдіктері ауылдық елді ме­кендердің аумағын кеңейту бойынша жұмыс атқарылып жа­тыр. Мәселен, облыс бойынша осындай жұмыстар Де­нисов (5,8 мың гектар), Сарыкөл аудандарында (0,4 мың гек­тар) жүргізілді. Қазір 3 ауданда – Әулиекөл, Денисов, Са­рыкөлде жалпы ауданы 4,7 мың гектар жер учаскесінің ма­териалдары елді мекендер шегіне көшу сатысында тұр. Ауылдық округ әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы тауа­рын өндірушілер арасында ауыл халқының мал жаюы үшін 228,7 мың гектар алқаптағы жайылымдық жерді өтеу­сіз беру туралы меморандумдар мен келісім жасалды. Халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында облыс әкім­дігі 17 аудан бойынша жалпы ауданы 528 мың гектар мем­лекет қорындағы жер учаскелерін резервтеу туралы 4 қау­лы шығарды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер олар­ды өндірістік секторға ауыстырды. Бұл елді мекендердегі жайы­лым тапшылығын 22,3 мың гектарға төмендетуге мүм­кіндік берді. Жалпы, өткізілетін іс-шаралардың нәтижесінде жайы­лым тапшылығы 130,6 мың гектарға дейін тө­мендеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және тұрақ­ты бақылауда. – Жер ресурстарын басқару департаменті ұйым­дастырған тексеру жұмыстарының нәтижесінде қан­дай заңбұзушылықтар анықталды? – Облыста жердің пайдаланылуы мен қорғалуын ба­қылауды Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ре­сурстарын басқару комитетінің аумақтық органы Жер ре­сурстарын басқару департаменті жүзеге асырады. Де­партамент 2022 жылы құрылған. Құрылған сәттен бастап жал­пы ауданы 216,8 мың гектарға 395 тексеру жүргізілді. Жал­пы, 130,6 мың гектар аумақта 225 жер заңнамасын бұзу де­регі анықталды. Осы іс бойынша 80 әкімшілік материал қоз­ғалды. Атап айтар болсақ, жалпы 4,6 млн теңгеге айып­пұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 67 қау­лы шығарылды. ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойын­ша Заңбұзушылықты жою бойынша берілген нұсқаманы орын­дамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы 15 хаттама сот органдарына жолданды. Сонымен қатар коммерциялық құрылыс үшін беріл­ген ауданы 0,24 гектар жер учаскесін пайдалан­баға­ны үшін 1 заңбұзушылық анықталды. Осы іске қатысты Жер кодексінің 92-94-бабы бойынша нұсқама беріліп, ол әді­лет органдарында ауыртпалық ретінде тіркелді. Жер заңнамасына қатысты 109 заң бұзу анық­талып, оны жою туралы нұсқама берілді. Өкі­ніш­ке қарай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пай­даланбауға қатысты заңбұзушылықтар саны көп. Елді мекендерде азаматтар жол беретін негізгі заң­бұзушылық – мемлекеттік меншіктегі жерді өз бетінше иемдену. Қостанай облысының аумағында бұл сауда павильондары түріндегі жеңіл конструкцияларды орнатуда, берілген жерлерден тыс қоршауларды ұзартуда және тағы басқа жағдайлардан көрінеді. Бұдан басқа, коммерциялық нысандарды салу үшін берілген жер учаскелерін пайдаланбау фактілері анықталды. Жер заңнамасына қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында департамент облыстағы өңірлерді аралап, семинар өткізіп тұрады. Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарында осыған қатысты тұрақты негізде ақпарат жарияланады. Сонымен қатар департамент ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жерді пайдалану қажеттілігі, сондай-ақ заңбұзушылықтарға жол беру кезінде заңда көзделген санкциялар туралы жадынама әзірледі. Жер заңнамасының нормаларын түсіндіруге қа­тыс­ты кеңес беру үшін департамент базасында «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» функциясын іске асы­ру­ға бағытталған Jeradaldygalany фронт-офисі ашылды. Фронт-офис азаматтар үшін әрдайым ашық. Онда де­партамент қызметкерлері жер заңнамасына қа­тысты заң көмегін көрсетеді. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ