«Айғайлап» келген апат

«Айғайлап» келген апат

«Айғайлап» келген апат
ашық дереккөзі
Биылғы жылу маусымы үлкен апатпен басталды. 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығындағы қазандықтар бірінен кейін бірі істен шығып, халық жылусыз қалды. ЖЭО жағдай тез арада реттеледі деп мәлімдегенімен, қалада жағдай ушығып, төтенше жағдай жарияланды. Дегенмен бұл – жалпы жылу беру нысандарының жұмысында туындаған алғашқы түйткіл емес. Екібастұздағы жағдай еліміздің әбден тозған энергетикалық инфрақұрылымының жиынтық бейнесі деу артық айтқандық емес. Тозған жүйе, әдепкі әдет Естеріңізде болса, биылғы 20 нау­рызда Петропавлдағы ЖЭО-да үш құ­бырдың бірі құлаған бола­тын. Одан соң арада 3 күн өткенде Степ­­но­г­орск қаласындағы жылу ор­та­лы­ғын­да да апат болып, тұр­ғын­дар 3 күн жылусыз қалды. Ал 5 қара­шада Рид­дердегі ЖЭО-ның жұ­мысынан ол­қылық шықты. Биыл сәуірде Энергетика ми­нистрлігі ел бойынша жылу электр ор­талықтарының жай-күйі туралы ресми есеп берген еді. Онда елі­­міз­дегі ЖЭО-ның негізгі жаб­дық­тары 66 пайызға тозғаны айтылды. Бұл – орташа көрсеткіш. Ал Орал, Тараз, Кен­тау, Қызылорда және Степ­­но­горск ЖЭО энергия жабдық­тарының 80 дан астамы тозған. Елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы бар. Со­лар­дың 76 пайызы 50 жылдан бері жұ­мыс іс­теп тұр, ал 24 пайызына 30 жыл бол­ған. Өткен жылыту маусымында жылумен жабдықтауға бай­ланысты 36 проблемалық жағдай орын алған. Төтенше жағдай ми­нистр­лігі және ЖАО Республикалық дағдарыс орталығының деректері бойын­ша, биылғы жылыту маусымы бас­талғаннан бері автономды қа­зан­дықтарда – 2, жылумен жабдық­тау желілерінде – 11, сумен жабдық­тау желілерінде 13 олқылық тірке­ліпті. Энергетика министрлігінің өзі мәселенің нақты себебі жылу жүйелерінің тозуы екенін мойын­дап отыр. «Энергетика саласы ескірген жаб­дықты жаңғыртуға, қайта құру­ға, ауыстыруға, сондай-ақ электр стан­цияларының жабдықтарын күр­делі жөндеуге қауқарсыз болып отыр, бұл мақсатта инвестициялық жо­баларды іске асыру үшін қаржы тап­шы». Бұл – ведомствоның бас­па­сөз релизінен алынған үзінді. Сонымен қатар қоғамдық сая­сат институтының биыл­ғы қарашадағы әлеуметтанулық зерт­теу деректеріне сәйкес, жылу, энер­гия, су магистральдары мен трас­са­лардағы ірі апаттар ең өзекті әлеу­мет­тік мәселелердің 3-тігіне кіреді екен. Ал ел бойынша әрбір алтыншы тұрғынды жылу желілерінің жағ­дайы алаңдатады. Яғни, бұл жерде айтпай кел­ген апат жоқ, «айғайлап» ке­ліп отыр. Екібастұзда да бұл мә­се­ле де қашаннан бері көтеріліп кел­ген. Тұрғындар да қаншама рет ша­ғымданған. Тек оны естір құлақ, на­зар аударған жауаптылар бол­ма­ған. Енді, әдеттегідей, іс насырға шап­қанда салдарымен ғана күресуге тура келіп отыр. Түйткілдің түйіні көп Екібастұздағы апаттан кейін осы аталған 37 жылу орталы­ғы­ның екеуі ғана мемлекеттің мен­ші­гінде еке­ні мәселе ретінде кө­теріл­­ді. Коммуналдық меншікте 10 орталық (Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Астана, Қы­зылорда, Тараз) болса, үшеуі ква­зи­мемлекеттік, («АлЭС» АҚ) ал 22-сі же­ке меншікте. Яғни, орталықтарды мен­шік­ке алғандарды жылу орта­лық­тарының ахуалы аса алаң­дат­па­ған. Енді жекеменшіктегі стра­те­гиялық нысандарды қайтадан мем­лекетке қайтару мәселесі бойынша бас­тама көтеріліп отыр. Сенат Төра­ғасы Мәулен Әшімбаев Парла­мент тарапынан Үкіметке тиісті сауал жолданатынын мәлімдеді. – Бұл да маңызды мәселенің бірі жә­не барлығы заң аясында жүр­гі­зіл­уі керек. Осы жағдайдан кейін кім жауапты болды, қалай болды, неге дайындық жұмыстары жасал­ма­ған деген сұрақтардың барлы­ғы­на тиісті органдар жауап береді. Со­дан кейін осы нысандарды мем­ле­­кетке қайтару мәселесі қаралады, – деді Сенат спикері.  width= Сонымен қатар Мәулен Әшім­баев жылу электр орта­лық­тарының қайтарылуына қатысты бір­қатар мәселені нақтылап өтті. Де­генмен Сенат Спикері бұл өз мін­деттемелерін орындап отырған­дар­ға қатысты емес екенін айтты. – Мұнда барлық жағдай үшін бі­рыңғай шешім жоқ: кейбір ай­мақ­тарда өте жауапты инвесторлар болуы мүмкін, егер олар бәрін дұ­рыс жасаса, уақытында жөндеу жұ­­мыстарын жүргізсе, өз мін­дет­те­мелерін орындаса, әлеуметтік және экологиялық ережелерді сақтаса, олар жұмыс істей алады деп ойлай­мын. Бірақ проблемалы нысандар немесе иелері жұмыс істемейтіні тура­лы сигнал болған объектілер бойынша ЖЭО және басқа объек­тілер қалыпты режимде жұмыс іс­теуі үшін оларды мемлекетке қай­тару мүмкіндігі қарастырылады. Бар­лығы еліміздің заңдарына сәй­кес болады, – деді ол. Дегенмен жоғарыдағы ста­тис­­тикалық мәлімет­терді не­гізге алсақ, тозған ЖЭО-ны мем­ле­кеттің меншігіне толық беру ар­қы­лы ғана тозған жүйені толық оңалту мүмкін болмайды деген кү­дік бар, оған қоса бұл жыл сайын ел бюд­жетіне түсетін жүктемені арт­тыратынын ескеру керек. Ал орта­лықтарды меншікке алғандардың талаптарды сақтауға құлықсыздығы тек салғырттықтан ба? Яғни, Үкі­мет­тің алдында проблеманың себе­бін толық анықтап, салдарын жою­ға қатысты кешенді жұмыс, нақты те­тіктер әзірлеу міндеті тұр. Екібастұздағы ахуалға қайта ойыссақ, қала тұрғындарына елі­міздің әр аймағынан гумани­тар­лық көмек жөнелтілді. Қалаға Мәжі­ліс депутаттары, Премьер-Министр­дің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барды. Ал 29 қарашада Энергетика ми­нистрлігінің Атом және энергети­ка­лық қадағалау және бақылау ко­ми­тетінің төрағасы Сұңғат Есімха­нов апат бойынша тергеудің бастал­ға­нын мәлімдеді. – Бүгін ЖЭО басшылығы ресми түр­де хабардар етілді. Он жұмыс күні ішінде тергеуді аяқтап, қоры­тын­дыны хабарлаймыз. Кәсіпорын­дардың тәулік бойы кезекшілігін ұйым­дастырдық. Желідегі жылудан ажы­ратулар сервистік компания­лар­мен бірлесіп пысықталды, – деді Есімханов. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құ­рылтайшысы Александр Кле­ба­нов компанияның ақауды жою үшін қажетті ресурстары бар екеніне сендіріп отыр. – Біз жеке компания ретінде орын алған жағдайға толық жауап бе­реміз. Мұнда құқық қорғау орган­дары мен прокуратураның қатысуы­мен комиссия құрылатыны сөзсіз. Олар бәрін мұқият қарастырады. Бұған біз де мүдделіміз, – деді Алек­сандр Клебанов. Ал Павлодар облысы әкімінің мін­детін атқарушы Әбілқайыр Сқақовтың мәліметінше, қазіргі кез­дегі басты міндет – үйлерді жылу­мен жабдықтауды қалпына кел­тіру. – Бәрі проблеманы толықтай тү­сініп отыр, нақты шешімдер қа­был­дау қажет. Біз осы мақсат үшін жи­налдық. Негізгі міндет – тез ара­да жылумен жабдықтау жүйесін қал­пына келтіру. Біз барлық күш пен ре­сурстарды қолданамыз. Сон­дық­тан бәріміз қаладағы жылумен жаб­дық­тау жүйесі штаттық режим­де іс­ке қосылмайынша, бұл жерден кет­­пейміз. Тұрғындар бізден тек осы­ны күтеді, – деді Әбілқайыр Сқақов. Қаланың кей аудандарына жы­лу қайта берілді, дегенмен жағ­дай әлі тұрақталған жоқ. Су тоқтаған кез­де қатып қалған құбырлар су қай­та берілгенде жарылып, қиын­дық үстіне қиындық қосып отыр. Жылу магистралін жөндеу жұмыс­тарына өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды. Қаладағы ма­гистраль­дің жарылған екі негізгі жері 30 қарашада қалпына келтірі­летіні айтылды. Қорыта айтқанда, мәселе бір күнде туындап отырған жоқ, қыс­тың қамы бір жаз емес, бір­неше жаз елеусіз қалып келген. Әдеттегідей жағдай кешенді де күрделі. Дегенмен Үкімет бұл салада­ғы ахуал реттелетініне сендіріп отыр.