Кәсіпкерлер WhatsApp арқылы есеп өткізуге наразы
Кәсіпкерлер WhatsApp арқылы есеп өткізуге наразы
Кәсіпкерлер WhatsApp арқылы есеп өткізу, тексерістердің көбеюіне наразы, деп хабарлайды Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлердің ұстанымын қалалық прокуратура қолдап, тексерістер тәртібін реттеу үшін Кәсіпкерлер палатасына барлық жергілікті мемлекеттік бақылау-қадағалау бөлімшелерінің басшыларын шақырды. Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Бекежан Күнтаевтың айтуынша, өткен жылғы сараптама бойынша, бизнесмендерге тексеру екі есе көбейген. Бақылаушылардың арасында тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті қызметкерлері көшбасшы болып отыр.
Олардың тексеруі 7 есе артқан. «Кәсіпкерлердің шағымы бойынша, бір органның бірнеше бақылаушылары әр уақытта келіп, өз тексерістерімен бизнестің жұмысына кедергі келтіруде. Осындай органдар жалғыз емес, бірнешеу, әрқайсысы келе беріп, жұмысқа бөгет болса, біз қашан ақша табамыз? Кейбіреулер WhatsApp бойынша есепті жіберуді талап еткен, осыған орай осындай тексерістердің қажеттілігі мен дұрыстығы күмән туғызады»,- деді Бекежан Күнтаев кездесуде. Алматы қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Біржановтың айтуынша, егер жаңадан ашылған объектіге, мысалы дәмхана, бірінші үш жылда шағым түспесе, ешкім оны тексермейді. Бақылаушылар өз жұмысын төртінші жылдан бастайды.
«Тексеру қағаздарына біздің қызметкерлер бұзушылық тапқан жағдайда балл жазады. Талаптарға сай емес бұзушылыққа біздің қызметкерлер 10 баллға дейін коюы мүмкін, орташа бұзушылыққа 50 баллға дейін беріледі. Ал өрескел қателіктерге 100 баллға дейін беріледі. Егер объектінің қателіктері 60 баллдан жоғары болса, жарты жылдан соң тағы тексереді», деді Мұрат Біржанов.
Бекежан Күнтаевтың айтуынша, осындай кемшіліктер, тексерістердің созылуы, WhatsApp арқылы есептерді қабылдау жемқорлыққа бастайды. Алматы қаласы прокуратура істері басқармасының прокуроры Темірлан Қанатжанов бақылаушы органдарға ұсыным жасауды тапсырды.