Жаңалықтар

«Шоу сыйлауға дайынмын»: танымал боксшы мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

«Шоу сыйлауға дайынмын»: танымал боксшы мәлімдеме жасады

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) осы айда рингке оралады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. «24 желтоқсан / Алматы / «SADU Arena». Осы күні кештің басты айқасының бірінде рингке қайта ораламын. Менің жекпе-жектерімді әркез сағынатын Қазақ еліне рақмет! Sadriddin «S.O.Q» Ahmedov сіздерге шоу сыйлауға сақадай-сай! Бокс кешінде жүздескенше!» деп жазды ол Instagram парақшасында.