Екібастұздағы апаттың басты себептері белгілі болды

Екібастұздағы апаттың басты себептері белгілі болды

Екібастұздағы апаттың басты себептері белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатты жағдайдың басты себептерін атады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазіргі жағдайдың себептері жылу желілерінің әбден тозуы және жылу орталығы басшылығы тарапынан немқұрайдылық пен инвестициялардың жеткіліксіздігі болып отыр. Тиісті тергеу жүргізіліп жатыр және барлық жауапты және кінәлі адамдар, әрине, жауапқа тартылады», - деді Премьер-министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы ЖЭО иелерімен тиісті жұмыс жүргізілетінін, биылғы жылыту маусымында олар толығымен ТЭЦ пен жылу желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететінін жеткізді.