Азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген келіншек 8 жылға сотталды

Азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген келіншек 8 жылға сотталды

Азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген келіншек 8 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Тараз тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтіргені үшін 8 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігімен кінәсі толық дәлелденді. Осы баптың негізінде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасы қауіпсіздігі орташа колонияда өтелсін», – дейді судья Айдарбек Замбаев.
Сотталушы сот үкімімен келіскен жоқ. Ол 47 жастағы азаматтық некедегі күйеуін өзін қорғау мақсатында байқаусызда өлтіріп алдым деп ақталды. «Әйтпесе, өзімді жазым қылуым мүмкін еді» деп түсіндіріп, жазаны жеңілдетуді өтінді. Прокурор айыпталушыны 11 жылға түрмеге жабуды сұраған. Алайда судья 8 жылға жаза кесті. Айта кетейік, қайғылы жағдай осыдан алты ай бұрын болған. Бүйрек тұсына пышақ сұғылған 47 жастағы ер адам ауруханаға түсіп, сол жерде жан тапсырған. Артынша күдікті ретінде азаматтық некедегі әйелі қамауға алынды. Үйінде жанжал болып, екеуі бір-біріне пышақ ала жүгірген екен. Сотталушының 15 және 18 жастағы екі баласы бар. Енді балалары шешесінің жазасын жеңілдету үшін апелляциялық шағым түсіреді.