Жаңалықтар

Испания ханшайымын өзіне ғашық еткен футболшы

ашық дереккөзі

Испания ханшайымын өзіне ғашық еткен футболшы

Бұған дейін испандық БАҚ Ферран Торрестің бас бапкер Луис Энрикенің қызымен қарым-қатынасы жайлы талқылаған болатын. Ал қазір 18 жастағы Гави көпшіліктің назарына ілікті деп хабарлады turkystan.kz. Кей БАҚ-та «Барселона» ойыншысы испан ханшайымы Леонордың жүрегін жаулап алғаны туралы жазылуда. Нақтырақ айтқанда, ханшайым мектепке Гавидің суреттері жапсырылған папка алып келген. Бұдан бөлек, Леонордың әкесі, Испания королі Филипп VI қазір Катардағы әлем чемпионаты кезінде Коста-Рикаға қарсы ойыннан кейін (7:0) киім ауыстыратын бөлмеге барып, Гавиден ханшайымға тиесілі болуы мүмкін кішкентай өлшемдегі футболкаға қолтаңба қалдыруды өтінген.