Испания ханшайымын өзіне ғашық еткен футболшы

Испания ханшайымын өзіне ғашық еткен футболшы

Испания ханшайымын өзіне ғашық еткен футболшы
ашық дереккөзі
Бұған дейін испандық БАҚ Ферран Торрестің бас бапкер Луис Энрикенің қызымен қарым-қатынасы жайлы талқылаған болатын. Ал қазір 18 жастағы Гави көпшіліктің назарына ілікті деп хабарлады turkystan.kz. Кей БАҚ-та «Барселона» ойыншысы испан ханшайымы Леонордың жүрегін жаулап алғаны туралы жазылуда. Нақтырақ айтқанда, ханшайым мектепке Гавидің суреттері жапсырылған папка алып келген. Бұдан бөлек, Леонордың әкесі, Испания королі Филипп VI қазір Катардағы әлем чемпионаты кезінде Коста-Рикаға қарсы ойыннан кейін (7:0) киім ауыстыратын бөлмеге барып, Гавиден ханшайымға тиесілі болуы мүмкін кішкентай өлшемдегі футболкаға қолтаңба қалдыруды өтінген.  width= Айта кетейік, 17 жастағы Леонор Филипп - VI-ның үлкен қызы және тақ мұрагері. Еске салайық, Гави Коста-Рикамен болған матчта көзге түсті. Ол Испания құрамасының тарихындағы ірі турнирде гол соққан ең жас футболшы атанды. Топтық кезеңнің соңғы турында Луис Энрике шәкірттері Жапониямен ойнайды. Испандықтардың плей-офф кезеңіне өтуі үшін тең нәтиже жеткілікті.