Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз жайлы тың дерек шықты

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз жайлы тың дерек шықты

Байзақтағы жарылыс кезінде жоғалған сарбаз жайлы тың дерек шықты
ашық дереккөзі
2021 жылы тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасында жарылыс болған еді. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 1 адам ізім-ғайым жоғалған болатын. Кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары 1 жылдан астам уақытқа созылды. Ол әскери бөлімге жақын маңайдағы Базарбай ауылының тумасы. Жарылыс кезінде жоғалған сарбаздың сүйегі табылғаны туралы оңтүстік әскери қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизоны растады деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Жарылыс болған аймақта шашылған сүйек пен киім қалдықтары табылған. Енді сүйекке жасалған сараптама нәтижесі жоғалған азаматқа толық сәйкес келіп отыр. Марқұмның ет-жақындары күні бүгінге дейін күдік пен үміт ортасында күн кешіп келген еді. Іздестіру кезінде түрлі нұсқалар айтылып, «тірі жүр»  деген де ақпарат тараған-ды. Айта кетейік, ертең 1 желтоқсан күні Бауыржан Дәуітбаевты жерлеу рәсімі өтпек. Еске салсақ, 26 тамызда болған жарылыс кезінде 35 аула, 12 кәсіпкерлік нысан бүлінген. Маңайдағы қос ауыл эвакуацияланды. Қирандыларды қайта қалыпқа келтіру үшін жергілікті әкімдік 430 млн теңгеден астам қаржы бөлген еді.