Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды
ашық дереккөзі
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды. Сонымен қатар Премьер-министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.  width= Айта кетейік, Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 км жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 км, олардың тозу деңгейі 91% құрайды. Екібастұз ЖЭО–да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 - энергетикалық, 5 - су жылыту қазандығы. Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар. Еске салсақ, 27 қараша күні түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шыққан болатын.