«200 млн еуро»: Роналдуға саудиялық команда келісімшарт ұсынды

«200 млн еуро»: Роналдуға саудиялық команда келісімшарт ұсынды

«200 млн еуро»: Роналдуға саудиялық команда келісімшарт ұсынды
ашық дереккөзі
Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Испаниялық «Marca» газетінің жазуынша, «Аль-Наср» клубының басшылығы Роналдуға 2,5 жылға келісімшарт ұсынған. Келісім бойынша португалиялық ойыншы жылына 200 млн еуро табатын болады. Бұған оның жалақысы мен жарнамалық келісімшарттары кіреді. Басқа клубтар мұндай ірі көлемдегі келісімшартты ұсына алмайтындықтан, Роналдудың аталмыш команданың қатарынан табылуы әбден ықтимал.