Сенбі, 28 Қаңтар, 2023

«Балаларға базарлық» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры мен «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі арқылы өткізілген «Балаларға базарлық» байқауы мәресіне жетті деп хабарлады turkystan.kz.

«Мұнайшы» мәдениет үйінде жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Балалар мен жасөсіпірімдерге арналған байқауда қатысушылар 3 түрлі өнер сайысы бойынша сынға түсті. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен «Мен қазақтың баласы» атты жас суретшілер байқауында – 17, «Берекелі күз» фотосайысында – 15, «Шеберлер қаласы» атты қолөнершілер байқауында 15 жеңімпазға арнайы жүлде тағайындалып, гаджеттер мен смарт құрылғылар сыйға тартылды. Сонымен қатар ерекше белсенділік танытып, өнерін ортаға салған 200-ге жуық қатысушыға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар барлық қатысушыға республикалық «Ұлан» газеті мен «Ақжелкен» журналына бір жылға жазылым түбіртегін сыйлады.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдау көрсетті.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button