Жаңалықтар

«Жастар рухының» волонтерлері Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр

ашық дереккөзі

«Жастар рухының» волонтерлері Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер және мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинау үшін үй-үйді аралау жұмысы жүргізілуде. «Жастар Рухы» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Санира Жүсіпованың айтуынша, партияның волонтерлері мен белсенділері төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқан. Естеріңізге сала кетсек, Екібастұзда «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істейді.