Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы СІМ пікір білдірді

Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы СІМ пікір білдірді

Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы СІМ пікір білдірді
ашық дереккөзі
Мұхтар Әблязовке қатысты мәселе сот органдарының құзыретінде. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Президенттің Францияға сапары туралы сұрақтарға берген жауабында осындай мәлімет айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Әблязов мырзаға келетін болсақ, бұл - көптеген елдердің құқық қорғау органдарының назарындағы мәселе. Бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды. Тек Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің, соның ішінде Еуропа мен АҚШ-тың сот және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр. Әблязов мырза Қазақстандағы құқық бұзу фактілері үшін 20 жылға сотталғаны белгілі. Сонымен қатар, оны Лондонның жоғарғы соты «БТА» банкінен шамамен 4 миллиард доллар ұрлады деп айыптады», - деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Оның мәліметі бойынша, қазір Мұхтар Әблязовтың үстінен басқа да сот процестері жүріп жатыр.
«Менің білуімше, АҚШ-та, Ұлыбритания мен Францияда осындай істер бар. Сонымен қатар, «БТА» банкі де, Алматы әкімдігі де, ҚР Әділет министрлігі де Қазақстан жағынан осы процеске қатысушы тарап болып отыр. Сондықтан бұл мәселе таза құқықтық кеңістікте қаралады. Ол Әблязов мырзаға қатысты істер тергеліп жатқан елдердің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының құзыреті болып есептеледі. Саяси деңгейде мұндай мәселелер талқыланбайды. Бұл - сот және құқық қорғау органдарының құзыреті», - деді Роман Василенко.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері «Әблязовты экстрадициялау жоспарда бар ма?» деген сауал қойды.
«Қазақстан мен Франция арасында қазіргі уақытта экстрадициялау туралы келісім жасалмаған. Бұл мәселе француз тарапымен одан әрі талқыланады. Менің білуімше, қазір Францияда Әблязов мырзаға қатысты сот процесі жүріп жатыр», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.