Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті

Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті

Асхат Аймағамбетов жас саясаткерлермен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті. Спикер өз сөзінде министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қоғамдық саясатты дамыту туралы өз пікірімен бөлісті.  width= Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басымдықтарын жүзеге асыруға егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.  width= Еске сала кетейік, Жас саясаткер мектебіне қатысу үшін конкурстық негізде еліміздің барлық өңірінен 50 адам іріктелді. Олар 5 күндік қарқынды оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер және Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.  width=