«Қайғылы қаңтар: Бүлікке дейін...»: «Алматы» телеарнасы 5 бөлімді фильм түсірді

«Қайғылы қаңтар: Бүлікке дейін...»: «Алматы» телеарнасы 5 бөлімді фильм түсірді

«Қайғылы қаңтар: Бүлікке дейін...»: «Алматы» телеарнасы 5 бөлімді фильм түсірді
ашық дереккөзі
Almaty.tv телеарнасы Алматыдағы қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі қалпына келтіріп, әр түрлі болжамдар мен қауесеттен тыс, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсететін журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильм түсірді. Бүкіл ел үшін үлкен сынаққа айналған трагедия туралы бес бөлімді фильмнің алғашқы бөлімінде эксклюзивті сұхбат және жұртқа беймәлім фактілер беріліп, ең бастысы – қантөгіске айналған бүлік пен жаппай тәртіпсіздік хронологиясы қайта жаңғыртылды. Көрермен қатысушылар мен куәгерлердің айтуы бойынша қайғылы қаңтардың қалай басталғанын, не болғанын, бүлікшілердің әкімдік, әуежай және полиция департаментін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін біледі. Журналистеріміз елде дүрбелең болғаны кімге пайдалы болғанын, мемлекет тұтастығы қалай сақталып қалғанын түсіну үшін оқиғаларға сараптама жасады. 1 желтоқсанда сағат 18:20-да «Алматы» телеарнасынан «Қайғылы Қаңтар: Бүлікке дейін...» фильмінің бірінші бөлімі көрсетіледі. Фильмді сондай-ақ YouTube арнасынан да көре аласыздар.