Алматыда шұңқырдан жапырақпен жабылған адам денесі табылды

Алматыда шұңқырдан жапырақпен жабылған адам денесі табылды

Алматыда шұңқырдан жапырақпен жабылған адам денесі табылды
ашық дереккөзі
Алматының патрульдік полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты қылмысты ашты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. «Буран-292» патрульдік экипажы кісі өлтірушіні ұстады. Түрксіб аудандық полиция басқармасына адамның жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам досына кетіп, қайтып оралмаған. Сыртқы қызметтердің жеке құрамы арасында іздеуде жүрген адамның белгілері бар бағдар дереу таратылды. Патрульдік полиция қызметкерлері үйлердің бірінің ауласында топырақ пен жапырақ басқан шағын шұңқырдан зорлықпен өлтірілген адамның денесі табылды.
«Қылмыс орнында инспекторлар сол үйде тұратын күдіктіні ұстады. Күдікті марқұммен бірге ішімдік ішкен. Ер адамдар арасында жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.
Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ауыр қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашқаны үшін патрульдік полиция полкінің инспекторлары марапатталды.