Сәрсенбі, 1 Ақпан, 2023

Ресейде петропавлдық бойжеткенді өз пәтерінде өлтіріп кеткен

Санкт-Петербургке көшіп барған 27 жастағы петропавлдық қызды өлтірді деген күдікпен Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» порталына сілтеме жасап.

Ер адам қыздың 23 қарашада Студенческая көшесіндегі пәтеріне жөндеу жұмыстарын тексеру үшін кетіп, кейін байланысқа шықпай кеткенін айтқан. 25 қарашада пәтердің бұрышынан құрылыс материалдарының қалдықтары салынған қаптардың арасынан полиэтилен пакетіне оралған үй иесінің мәйіті табылған.

Қыздың денесінен пышақ жарақаты, тұншықтыру іздері табылды.

РФ ҚК 105-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізген 41 жастағы Қырғызстан азаматы күдікке ілінді. Күндіз ол Петербургтен автобуспен кетіп қалғаны анықталды.

Мигрант 2 күн іздестірілді. Оны 27 қарашада Ресей ІІМ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша бас басқармасы қызметкерлері Мәскеу даңғылы, 36 мекенжайындағы жатақханадан шығып келе жатқанда ұстаған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button