Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың өсиеті

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың өсиеті

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың өсиеті
ашық дереккөзі
Балам, мен қартайғанда мені қараусыз қалдырма. Ол кезде мен бейне сенің кішкентай кезіңдегідей асырауға мұқтаж боламын.
Мен қартайғанда қолдарым дірілдеп, бейне сенің сәби кезіңдегідей асты киімге төгіп алуым мүмкін. Сол кезде сен сабырлы бол.
Мен қартайғанда кейде сыртқа шығып таза ауа жұтқым келеді. Сені бала күніңде арбаға отырғызып сыртқа алып шыққанымдай, мені де далаға алып шығып серуендетіп тұрарсың.
Мен қартайғанда істеген ісімді, сөйлеген сөзімді ұмытып қаламын. Маңызы жоқ істер үшін басыңды ауыртып сөйлей беретін болармын. Ол кезде мен не десем де "сенікі жөн" деп, сабыр сақтағайсың!
Мен қартайғанда көпсөзді болып кетуім мүмкін. Сол сәтте екі құлағыңды басып тұра қашпай, өтірік болса да тыңдаған кейіп танытып отыра бер.
Мен қартайғаннан кейін кішкентай балаға тәрбие бергендей сенің де құлақ етіңді жеп, ақыл айта беруім мүмкін. Ол кезде менің айтқаным көңіліңе жақса да, жақпаса да «жарайды!» деп басыңды изей салсаң жетіп жатыр.
Балам, мен о дүниеге аттанғаннан кейін ол жақта да сенің бақытың мен отбасың үшін дұға жасайтын боламын.
Дереккөз: Muftyat.kz