Қазақстан мен Франция уран саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Мемлекет басшысы «Orano S.A» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасы Клод Имовенді қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесу барысында атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанда атқарып жатқан жұмысының қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспары таныстырылды.
Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда бір жылда өндірілетін уранның 15 пайызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын өндіретінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен келіссөз барысында Қазақстан мен Франция арасындағы уран саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын жеткізді.