Жаңалықтар

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. 30 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай соғады, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнгі уақытта 40 градус аяз болады. Ал Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың  батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында және Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с болады.