Никол Пашинянның ағасы жол апатына ұшырады

29 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Никол Пашинянның ағасы жол апатына ұшырады Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ағасы Армен Пашинян жол апатынан зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Оқыс оқиға Малатия-Себастия әкімшілік ауданында болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашпаған. Пашинянның ағасы сүйегі сынды деген болжаммен медициналық орталыққа жатқызылған.