Екібастұздағы жағдай: көпқабатты 42 үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр

Екібастұздағы жағдай: көпқабатты 42 үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр

Екібастұздағы жағдай: көпқабатты 42 үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр
ашық дереккөзі
Екібастұз қаласында жылусыз қалған көпқабатты 53 тұрғын үйдің 11-інде проблема шешілді. Оларға жылу берілді деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұрғын үйлердің ішінде 18-іне жылу беріліп, 72-сі әлі жылумен қамтылған жоқ.
«Қалған көпқабаты 42 үй мен 72 жеке тұрғын үй бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұзылған жерлерді жөндеу үшін бригадалар жұмылдырылған. Жылумен қамтудағы кемшіліктердің негізгі себебі пәтер иелері кооперативтері (ПИК) қызметкерлерінің жылумен қамтудың ішкі жүйесінде суды ағызудағы қателіктері болып отыр», - деп атап өтеді өңір әкімдігінен.
Айта кетейік, 27 қарашадан Екібастұзда облыс әкімі басшылық жасайтын апатты жою жөніндегі жедел штабы жұмыс жасап жатыр. 28 қарашада қалада Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Апатты жою жұмыстарына 256 маман мен 43 техника жұмылдырылды. Еске салсақ, 27 қараша күні түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шыққан болатын.