Жаңалықтар

Астаналық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратты

ашық дереккөзі

Астаналық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай таратты

Қатты аязға қарамастан, елордалық еріктілер жаурап қалған астаналықтарға тегін ыстық шай беріп жүр. Мұндай акциялар жыл сайын қатты суық ауа райы басталған кезде өткізіледі деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Шапағат» сауда үйінің жанына жиналып, қала көшелерін тазалап жатқан жұмысшыларға, қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушыларға және көшеде сауда жасап жүрген жолаушыларға шай берді. «Мен еріктілерімізге алғыс айтқым келеді. Көшеде қатты аяз бар, олардың істері тәнімізді ғана емес, жанымызды да жылытады. Жастардың бұл ісі мені қатты қуантты, рахмет!», - деді елорда тұрғыны Сайран Турбекова.