Асқар Мырзахметов өзіне жала жапқандарға жауап берді

Асқар Мырзахметов өзіне жала жапқандарға жауап берді

Асқар Мырзахметов өзіне жала жапқандарға жауап берді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының экс-әкімі Асқар Мырзахметов Facebook-тегі парақшасында өзін қаралап, жала жапқан адамдарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ит үреді...» деген нақылды ескеріп, мен туралы айтылған, жазылған жалаларға көңіл бөлмей келдім. Бірақ қаралауды қара кәсіпке айналдырып алғандардың айтқандарына, жазғандарына, ақ-қарасын ажыратпай, қолдап, ауыр пікірлер жазатындар жоқ емес. Сол себептен, осы жазбаны жазуға тура келіп отыр. Жала жабқандарға жауап ретінде немесе ақталу үшін емес, оқитын, көретін, пікір жазатын желі қолданушыларға шындықты жеткізу керек болды», - деп жазды Асқар Мырзахметов.
Оның айтуынша, Нүркен Айнабеков есімді желі қолданушысы Мырзахметовке қатысты әртүрлі жазба жариялаған.
«Асқар Мырзахметов пен парламент депутаты Берік Оспанов мені өлтірмекші. 2010 жылы отбасылық емхананы салуға тендерді ұтып алған компанияның не лицензиясы, не рұқсаты болмаған. Сондықтан мен қосалқы мердігер ретінде құрылыс жүргіздім. Оған 112 миллион теңге өз ақшамды салдым. Міндеттемені берді, бірақ ақшамды төлемеді. Одан айтыс-тартыс басталды. Тексеріп келгенде бұл ғимарат заңсыз салынған екен. Бұған мемлекеттен 180 миллион теңге бөлген. Маған 19 миллион теңге ғана төлеген. Мен ақшамды талап еттім және бұлардың жүз миллиард теңгедей ақша жымқырғанын әшкереледім. Іс қозғалды, 2015 жылы 23 адамға қатысты іс қозғалды. Сол кезде маған оқ атқызды», - дейді Нүркен Айнабеков.
Ол Айнабековтің бұған дейін де жариялаған ақпараты шындыққа жанаспайтыны сот арқылы дәлелденгенін айтты.
«Біріншісі, Н.Айнабеков атты азаматтың айтып, жазып жүргендерінің жала екендігін келесілер дәлелдейді: 1) Шымкент қ. Еңбекші аудандық сотының 2021ж 14 қантардағы номері 5212-20-00-2/2359іс шешімімен «Н.Айнабеков Facebook парақшасында жарияланған ақпараттар шындыққа жанаспайды»  деп танылған. Жалған мәліметтерді өшіру Н.Айнабековке сот шешімімен міндеттелген. 2) Шымкент қ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022ж 28 қантардағы номері 5213-22-00-3/1035 заңды күшіне енген қаулысында – «Сотта Н.С.Айнабеков өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін, ОҚО бұрынғы әкімі А.Мырзахметовтың қадір-қасиетіне нұқсан келетін, ар-намысына тиетін, көрінеу мәліметтер жазып, көпшілік алдына жариялағанын растап, істеген іс-әрекеті үшін кешірім сұрады» деп көрсетілген. 3) Н.Айнабековтің арызына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қ. бойынша Департаменті 2022 ж. сәуір айынан 2022 ж. 21қарашасына дейін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің материалдарын қарап, арызданушы айтып, жазып жүрген мәселелерінің біреуі де дәлелін таппағаннан кейін, істі тоқтату жөнінен Қаулы қабылдады. Істі тоқтату бойынша Қаулыны Шымкент қаласының Прокуратурасы бекітті. (Жалпы, бұл мәселелер бойынша құқық қорғау органдарының қарағанына 10 жыл болды. Егерде айтылғандар рас болса, әлде қашан тиісті шешімдер қабылданған болар еді)», - деп жазды ол.
Сондай-ақ «Алтынтөбе» ЖШС жеріне қатысты жазылып жатқан пікірлерге қатысты ойын айтты.
«Екіншісі, Б.Қаржан атты азамат «Алтынтөбе» ЖШС жеріне қатысты 2011ж Қазығұрт ауданы қаулыны дұрыс қабылдамағанын маған меңзеп жазғаны да қисынға келмейді. Себебі,  «Алтынтөбе» ЖШС 100% акциясы «Оңтүстік» ӘКК Үкіметтің(!) 2007 ж. Қаулысымен берілген. Ал, ауданның шешімі осы Үкіметтің қаулысын орындау мақсатында қабылданған. Ең басты, мен ӘКК жұмыс жасағанымда 1га жер түгіл 1шаршы метр жер қолды болған емес. Керісінше, ол жерлерді сақтап қалуға жұмыс жасадық. Оны бәрі біледі. Осы сәтті пайдалана отырып, мен туралы жазылған, айтылған «айыптарға» күмәнмен қарап, «біз білетін Мырзахметов болса, мүмкін емес» деп пікір білдірген, қолдаған,  маған сенетін азаматтарға  алғысымды да айттым келеді. Ойға келгенді ойланбай, ауызға келгенді айта салудан абай болайық, ағайын», - деп жалғастырды Мырзахметов.
Ол өзі туралы айтылған «айыпқа» күмәнмен қараған азаматтарға алғыс білдірді.
«Жоғарыда жазылғандардың негізінде келесі қорытынды сұранып тұр. Дәлелсіз жала жабуды тоқтату үшін, интернет, желілерді қолданушылардың жауапкершілігін қатаң қарайтын, тиісті тосқауыл қоятын заң талаптарын қабылдау қажет! Бұл еліміздің бірлігіне де, мәдениетіне де қатысты», - деп түйіндеді Мырзахметов.