Жаңалықтар

Қытайда карантинге қарсы жаппай наразылық болып жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қытайда карантинге қарсы жаппай наразылық болып жатыр (ВИДЕО)

Қытайда коронавирустың таралуына байланысты 25 қарашадан басталған наразылық акциясы бөлек тағы бірнеше қалада жалғасып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Ухань,Чэнду, Ланьчжоу қалаларында тұрғындар ереуілге шығып, биліктен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын жеңілдетуді талап етті.  Сондай-ақ жаппай тестілеуді тоқтату қажет екенін айтып жатыр. Ал Шанхайда халық пен полиция арасында қатығыс болып, қамауға алынып жатқандар бар. Бейбіт шерудің басталуына Үрімжідегі оқиға түрткі болған. Бұған дейін онда карантинге жабылған тұрғын үй өртеніп, 10 адам қайтыс болған еді. Айта кетейік, Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт артып, бірқатар шектеулер енгізілген. Өткен тәулікте 40 мыңға жуық адамнан короновирус анықталды.