Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
ашық дереккөзі
Францияға ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.  width= Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Содан кейін Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.