Алматы-2 темір жол вокзалынан өрт шықты

29 қараша, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Алматы-2 темір жол вокзалынан өрт шықты 29 қарашада Алматы-2 вокзалынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 14:08-де Алматы қаласы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
«100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.