«Жаңаөзен дәмі» фестивалі өтті

«Жаңаөзен дәмі» фестивалі өтті

«Жаңаөзен дәмі» фестивалі өтті
ашық дереккөзі
26 қарашада Жаңаөзен қаласында «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры мен «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен «Жаңаөзен дәмі» атты фестиваль өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жергілікті шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде тамақ өнеркәсібін қолдау.  width= 1500-ге жуық қала тұрғыны жиылған фестивальге жаңаөзендік 12 кәсіпкер қатысты. Олар түйе сүтінен жасалған ұлттық тағамдар, табиғи еттен жасалған шұжық өнімдері, эко өнімдер мен тәттілерді көпшілік назарына ұсынып, дәм татқызды. Ұйымдастырушылар атынан кәсіпкерлердің әрқайсысына 100 мың теңге көлемінде грант тағайындалды.  width= Сондай-ақ фестиваль кезінде көпшілікке ыстық палау мен шай тегін үлестірілді. Фестивальмен қатар дәстүрлі «Асық PARTY» шарасы да өткізілді. 12-рет ұйымдастырылған  ойында 50-ден астам команда  өнер көрсетті. Жеңімпаздарға үш басты жүлделі орындар мен қаржылай сертификаттар табысталды. Жалпы жүлде қоры 675 мың теңгені құрады.