Жаңалықтар

«Жаңаөзен дәмі» фестивалі өтті

ашық дереккөзі

«Жаңаөзен дәмі» фестивалі өтті

26 қарашада Жаңаөзен қаласында «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры мен «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен «Жаңаөзен дәмі» атты фестиваль өтті деп хабарлады turkystan.kz. Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жергілікті шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде тамақ өнеркәсібін қолдау. Сондай-ақ фестиваль кезінде көпшілікке ыстық палау мен шай тегін үлестірілді. Фестивальмен қатар дәстүрлі «Асық PARTY» шарасы да өткізілді. 12-рет ұйымдастырылған  ойында 50-ден астам команда  өнер көрсетті. Жеңімпаздарға үш басты жүлделі орындар мен қаржылай сертификаттар табысталды. Жалпы жүлде қоры 675 мың теңгені құрады.