Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұз тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жағдаймен танысу және халыққа жедел көмек көрсету үшін Екібастұз қаласына келді. Халық қалаулылары үй-үйді аралап, жылытқыштар мен жылы киім-кешек табыстады. Депутаттар арнайы құрылған жедел штабта төтенше жағдайдың жай-жапсарын талқылады. Оған облыс басшылығының, барлық техникалық қызметтің, энергетикалық кәсіпорындардың және Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты. Мәжіліс депутаты Артур Платонов бүгінде гуманитарлық көмекті жеткізу жұмысы белсенді жүріп жатқанын атап өтті. «Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізу қажет. Осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға емес, өз қалтасына салған азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет», – деп атап өтті Ерлан Саиров. Мәжіліс депутаты Вера Ким Екібастұзда азаматтарға көмек көрсету үшін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Екібастұзда апаттық-қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр.