Шымкенттік дәрігерлер қайтыс болған адамның бауырын тірі науқасқа салды

Шымкенттік дәрігерлер қайтыс болған адамның бауырын тірі науқасқа салды

Шымкенттік дәрігерлер қайтыс болған адамның бауырын тірі науқасқа салды
ашық дереккөзі
Шымкентте дәрігерлер күрделі операция жасап, 44 жастағы тұрғынның бауырын ауыстырды. Мәйіттік донордан жасалған бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты. Дәрігерлер операцияны шамамен 6 сағатта аяқтады деп хабарлады turkystan.kz «Хабар24» арнасына сілтеме жасап.    Марқұмның туыстары оның бауырын донор ретінде пайдалануға келісім берген. Бұған дейін дәрігерлер тек қана тірі донордың ағзасын науқасқа ауыстырған. Осы жолы марқұмның ішкі ағзасын операцияға пайдаланды. Операцияны 44 жастағы ер адамға жасады. Оған өзінің туыс-туғандарынан донор табылмаған. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқастың халі жақсы. Марқұм донордың басқа органдары арнайы рейспен Астанаға жөнелтілді. Мұқтаж науқастардың ішкі ағзасы ауыстырылады.