Meta компаниясы пайдаланушылардың деректерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді

Meta компаниясы пайдаланушылардың деректерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді

Meta компаниясы пайдаланушылардың деректерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін АҚШ-тың Мeta компаниясына Еуропалық Одақтың құпиялылық ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Азаттық рухы агенттігіне сілтеме жасап. Ирландиялық реттеуші өткен жылдың сәуір айында басталған тергеу қорытындысы бойынша 265 миллион еуро айыппұл салды. Жарияланған мәлімдемеде технологиялық алпауыт компания 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін пайдаланушылардың, соның ішінде бірқатар еуропалық саясаткерлердің деректерін бұзуға жол бергені айтылған. Ирландияның деректерді қорғау комиссиясы Meta-ны бақылайды, өйткені корпорацияның еуропалық штаб-пәтері Ирландияда орналасқан. Ирландия комиссиясының Мeta компаниясына салған айыппұлдарының жалпы мөлшері 1 миллиард еуроға жетті. Қазіргі уақытта реттеуші бірқатар цифрлық компанияларға қатысты 40 тергеу жүргізуде, олардың 13-і Meta-ға қатысты.