Неліктен тік тұрып су ішуге болмайды? – Дәрігер кеңесі
Неліктен тік тұрып су ішуге болмайды? – Дәрігер кеңесі
Адамның денесі сау және жас болуы үшін қанша сұйықтық ішетіні ғана емес, оны қалай ішу де маңызды деп жазды turkystan.kz.
Суды отырып ішкен дұрыс. Дәрігерлердің айтуынша, түрегеп тұрып су ішу ағзаға зиян тигізеді.
«Суды отырып ішу керек. Оны тұрып ішу ағзадағы сұйықтықтың теңгерімсіздігін тудырады. Бұл буындарда сұйықтықтың жиналуына және артриттің дамуына әкелуі мүмкін. Отырған күйде жүйке жүйесі мен бұлшықеттер босайтындықтан, бұл су мен тағамды ассимиляциялау процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл позициядағы бүйрек түсетін сұйықтықты жақсы сүзеді», - дейді дәрігер Ирина Юзуп.
Тік тұрып су ішкен кезде ас қорыту жолдарының жұмысы баяулайды.