Жаңалықтар

Былтыр халық 42 млрд теңге салық төледі

ашық дереккөзі

Былтыр халық 42 млрд теңге салық төледі

Салықтық түсімдердің ұлғаюы мұнайлы қалаларда, яғни Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады. Бұл қалалардағы салықтық түсім тиісінше 24%; 25% және 14%-ға көбейген. Бұл өңірлердегі жеке тұлғалардың төлеген салығы жалпы көлемнің 9 пайызын ғана құрайды, деп жазады ranking.kz. Оңтүстік Қазақстан облысы салық түсімдерінің ұлғаю қарқыны бойынша алғашқы үштікке кіреді. Бұл өңірдегі төленген салық былтырғымен салыстырғанда 19%-ға артып, қаңтар-қараша айларында 3,2 млрд теңгені құрады. Алматы агломерациясы жобасы облыстың дамуына ерекше қарқын берген. Бір жыл ішінде облыстың салықтық түсімі 17% көбейіп, 3,4 млрд теңгеге жетті. Ал Алматы қаласындағы өсім 8% ұлғайып, бір жыл ішінде төленген салық 10,9 млрд теңгені құрады. Алматы облысы мен қаласында жеке тұлғалардың төлеген салығы жалпы көлемнің 34% құрайды. Меншік салығы көлемі бойынша екінші орында Астана қаласы (5,4 млрд теңге). Елорданың жылдық өсімі 11%. 16 облыстың ішінде тек Шығыс Қазақстан облысы (-2%) ғана минусқа кеткен.