Өскемендік оқушылар тағы да онлайн форматта оқиды

Өскемендік оқушылар тағы да онлайн форматта оқиды

Өскемендік оқушылар тағы да онлайн форматта оқиды
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында мектеп оқушылары аязға байланысты екінші күн қатарынан онлайн форматта оқиды деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында аяздың беті қайтпай тұр. 29 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді.
«Оның ішінде Өскеменде де қатты аяз. Соған орай, қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді», - делінген ақпаратта.