Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?

Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?

Жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек қашан ашылады?
ашық дереккөзі
Осы жылдың желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электрондық кезек іске қосылады деп хабарлады turkystan.kz LS-ке сілтеме жасап. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда оны іске қосу жоспарда бар.
Электрондық кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды, – деп түсіндірді министрлікте.
Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.