Бразилия әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне өтті

G тобының екінші турында бразилиялықтар Швейцариямен кездесті деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Матч тағдырын бір ғана гол шешті. 64-минутта Винисиус Джуниор гол соққан, бірақ төреші офсайдқа байланысты бұл допты есепке алған жоқ.
Ал 83-минутта Каземиро айып алаңында қараусыз қалып, алыс бұрышты дәл көздеді. Бұл гол Бразилия құрамасына жеңіс сыйлады. Есеп – 1:0.
Осы жеңістен кейін бразилиялықтар алты ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Швейцария құрамасы екінші орында. Олардың еншісінде – 3 ұпай. Камерун мен Сербияда бір ұпайдан бар.
Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!