ӘЧ: Гана құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

ӘЧ: Гана құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

ӘЧ: Гана құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді
ашық дереккөзі
Гана құрамасы 2022 әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті. H тобының екінші турында Гана құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 24-минутта Мохаммед Салису гол соғып, ганалықтарды алға шығарды. Тура он минуттан соң Мохаммед Кудус есепті еселеді. Екінші таймда корей футболшылары үш минут ішінде таразы басын теңестіріп тастады. Чо Хе Сон 58-минутта және 61-минутта баспен дәл соққы жасады. Таблода бұл есеп жеті минут сақталып тұрды. 68-минутта Кудус дәлдік танытып, африкалық құрамаға жеңіс сыйлады. Есеп - 3:2. Осылайша, Гана құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті. Ал әзірге корей футболшылары Катарда жеңістің дәмін сезіп көрген жоқ. Н тобының 3-турдағы ойындары 2 желтоқсанда өтеді. Оңтүстік Корея Португалиямен, ал Гана Уругваймен кездеседі.