Жаңалықтар

Біз Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты бағалаймыз - Президент

ашық дереккөзі

Біз Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты бағалаймыз - Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары  сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен.

Біз Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты бағалаймыз. Бүгінгі сапар өте мазмұнды болды. Бұл – менің және Владимир Владимировичтің пікірі. Біз менің Мәскеуге жасаған сапарымның нәтижесіне көңіліміз толатынын білдірдік. Декларацияға қол қойылды. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы өзара іс-әрекеттеріміздің өзекті мәселелерін талқыладық. Шекара маңы аудандарының ынтымақтастық форумын аштық. Жаңа ғана сауда-саттықтың басты көрсеткіштері аталып өтті. Шын мәнінде, былтыр тауар айналымы 24,5 миллиард долларды құрады. Биыл қазірдің өзінде бұл көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бірақ жылдың соңына дейін әлі де жаңа сандар мен жаңа көрсеткіштер пайда болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған белсенді әрі табысты жұмысы үшін Михаил Мишустинге алғыс айтты.