Қазақстанның 7 өңірінде жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты барлық республикалық маңыздағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөліктерге, сондай-ақ дизельді отынмен жүретін көліктердің қозғалысы шектелді.
Одан бөлек, тағы мына тас жолдар жабылды:
Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тас жолында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін жол учаскесі;
Қарағанды облысында:
- «Қызылорда-Павлодар» тас жолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі;
- «Қалқаман-Баянауыл-Үмткер-Керней-Ботақара» тас жолының Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- «Қарағанды-Аягөз–Бұғаз» тас жолының Бүркітті ауылынан Абай облысына дейін.
Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолында Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін жол учаскесі жабық.
Сондай-ақ, Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, температураның күрт төмендеуі, көктайғақ) «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының Жамбыл облысының шекарасынан Жанкеш ауылына дейінгі аралығы жабық.