«AMANAT» партиясы Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді – Ерлан Саиров

«AMANAT» партиясы Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді – Ерлан Саиров

«AMANAT» партиясы Екібастұзға гуманитарлық көмек жіберді – Ерлан Саиров
ашық дереккөзі
Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері Екібастұз қаласында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясы мүшесі Ерлан Саиров Facebook-тағы парақшасында жазды.  
«Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен қаладағы жағдай бойынша терең әңгіме болды. Депутаттар министрліктер мен облыстық басқармалар басшыларымен жиналыс өткізді. «ЦАЭК» АҚ акционерлерімен қатаң әңгіме болды. Қазір 132 үй жылуға қосылды. 17 үйді мамандар қосып жатыр. Бүгін, ертең жағдай толық тұрақтанады деп күтіп отырмыз. «AMANAT» партиясы Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек жіберді. Гуманитарлық көмек аясында жылу қондырғылары және көрпе-ішік, тағы басқа қажетті заттар жеткізілді» деп жазды депутат.
 width=